BB Diacare Kazakhstan гемодиализ орталығы сіздің денсаулығыңызға қамқорлық жасайды және бүйрек аурулары кезінде процедураларға дайындалу және өмір салтыңызды жақсарту бойынша қарапайым, бірақ маңызды ұсыныстарды орындауды ұсынады.
BBDiacare амбулаториялық гемодиализ орталығы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бағдарламасына кіреді!

Ол үшін сіз тек тіркелген емханаға хабарласып, бізбен келісімге отыруды сұрасаңыз болғаны. Содан кейін біздің жоғары білікті нефролог мамандардан кеңес алу сіз үшін тегін болады!

Біздің орталық:

Емделушілерді тексеру, емдеу, асқынуды түзету, динамикалық бақылауды келесі жағдайда:

  • Бүйрек жеткіліксіздігінің кез келген сатысында ықтимал себебін диагностикалау, бүйрек жеткіліксіздігін тудырған негізгі ауруды емдеу;
  • Жүктілік кезінде бүйрек қызметінің бұзылу белгілері кезінде;
  • Рентгендік контрастты процедура, хирургиялық араласу, потенциалды нефротоксикалық терапияны (онкологиялық ауруларға арналған полихимиотерапия және т.б.) алу алдында;
  •  
  • Бүйрек трансплантациясынан кейін иммуносупрессивті терапияны түзету, оның асқынулары, бүйрек трансплантаты қызметінің бұзылуын диагностикалау және емдеу кезінде ұсынады.

Алғашқы қабылдауға келесі нәтижелерді алып келген жөн:

  • Тұнба микроскопиясы бар жалпы зәр анализі;
  • Жалпы қан анализі, креатинин деңгейін анықтау, қан сарысуындағы мочевина талдауы;
  • Бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі немесе бейнелеудің басқа әдістері;
  • Бар болса, тиісті мамандардың үзінділері мен қорытындылары;
Міндетті түрде қабылдап жатқан дәрілердің тізімін, соның ішінде мөлшерін жазып алыңыз!

Гемодиализ процедураларына дайындық

Дәрігердің ұсынысын орындаңыз

Барлық нұсқауды орындаңыз, соның ішінде тағайындалған дәрі-дәрмекті қабылдап, диетаны сақтаңыз.

Су балансын бақылаңыз

Жүрек пен өкпеге жүктемені болдырмау үшін процедурадан бір күн бұрын артық сұйықтықты қабылдаудан аулақ болыңыз.

Дұрыс тамақтаныңыз

Процедурадан бұрын ыңғайсыздықты болдырмау үшін жеңіл тағам жеңіз. Калий, фосфор және натрийге бай тағамнан аулақ болыңыз

Ыңғайлы киім таңдаңыз

Фистула не катетер орнату жеріне қолжетімдікті жеңілдету үшін кең киім киіңіз.

Уақытында келіңіз

Процедураны уақытында бастау және аяқтау үшін ұқыптылық маңызды.

Гемодиализ бөлмесіндегі процедура кезінде сабыр мен тыныштықты сақтау өте маңызды.

Бұл барлық пациент пен қызметкерге қолайлы жағдай жасауға көмектеседі. Біздің ұсыныстарымызды қарап шығуыңызды сұраймыз:

Бәсең дауыспен сөйлеңіз

Қызметкер не басқа емделушімен сөйлесу қажет болса, басқаларға кедергі келтірмеу үшін оны сабырлы және ақырын орындауға тырысыңыз.

Мобилді құрылғыдағы дыбысты өшіріңіз

Құрылғыны дыбыссыз режимге қойыңыз немесе музыка тыңдауды не бейнелерді көруді жоспарласаңыз, құлаққапты пайдаланыңыз.

Қатты әңгімелесуден аулақ болыңыз

Басқалардың тыныштығын бұзуы мүмкін жеке не эмоционалды тақырыптарды талқылаудан аулақ болуға тырысыңыз.

Басқа пациенттің тынығуын құрметтеңіз

Көптеген пациент процедура уақытын демалу немесе ұйықтау үшін пайдаланады. Оларға кедергі жасамауға тырысыңыз.

Процедура кезінде сабырлы болыңыз

Қандай да бір сұрағыңыз болса не жайсыздық орын алса, артық назар аудартқызбай, медициналық қызметкерге хабарласыңыз.

Түсіністік пен құрмет бәріне жайлы атмосфераны құруға көмектеседі.
Ынтымақтастығыңыз үшін рахмет!

Бүйрек ауруы кезінде өмір салты бойынша ұсыныстар

Терапиялық диетаны ұстаныңыз

Тұз, ақуыз, калий және фосфор бай тағамды тұтынуды шектеңіз. Жеке диетаны жасау үшін диетологпен кеңесіңіз.

Сұйықтықты қабылдауды бақылаңыз

Бүйрек шиеленісуін және ісінуін болдырмау үшін дәрігер ұсынған көлемде су ішіңіз.

Физикалық белсенді болыңыз

Орташа физикалық белсенділік, мәселен, жаяу жүру не жеңіл гимнастика дененің жалпы жағдайын сақтауға көмектеседі.

Токсиндерден аулақ болыңыз

Шылым шегу және алкоголь ішуден аулақ болыңыз, өйткені олар бүйрек функциясына және жалпы денсаулыққа теріс әсер етуі мүмкін.

Қан қысымыңызды бақылаңыз

Қан қысымыңызды үнемі өлшеңіз және оны қалыпты шекте ұстау үшін тағайындалған дәрі-дәрмекті қабылдаңыз.

Қолдау және бақылау

BB Diacare-де өзіңді сенімді және қауіпсіз сезінудің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.

Біздің мамандар әрқашан сіздің сұрағыңызға жауап беруге , ұсынысэ беруге және сіздің әл-ауқатыңызды жақсарту жолында қолдау көрсетуге дайын. Өзіңізге дұрыс күтім жасау және дәрігердің кеңесін орындау денсаулықты сақтаудың негізі екенін есте сақтаңыз. Өзіңізді күтіңіз, ал біз сіздің еміңіздің қамын ойлаймыз!

Біз емделушілер үшін бәрі ыңғайлы болу үшін бар жағдайды жасауға тырыстық

Жеке шкаф және дәретханамен жабдықталған кең аумақ, жарық зал мен емделушілерге арналған киім ауыстыратын бөлме, жабдықталған ас үй

Оның үстіне әрбір емделуші тегін Wi-Fi интернет қызметін пайдалана алады

Зал хабар тарату арналарының үлкен пакеті және онлайн режимде бағдарлама мен фильм көру мүмкіндігі бар кең экранды Smart теледидармен жабдықталған

Орталықтың ыңғайлы орналасуы және кең филиалдар желісі. Гемодиализ орталығында көлік тұрағы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кедергісіз орта бар

Өтінім қалдырыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз

Сіздің барлық мәселелер бойынша кеңес береміз.
Please enable JavaScript in your browser to complete this form.
«Сұраныс жіберу» түймесін басу арқылы сіз жеке деректерді өңдеу саясатымен келісесіз