BB Diacare Kazakhstan

Амбулаторлық гемодиализ орталығы

Сіздің бүйрегіңіздің саулығы - біздің назарымызда! Заманауи гемодиализ орталығы сізге сапалы ем мен кәсіби күтім ұсынады.

САПАЛЫ ДИАЛИЗ БЕН ЕМДЕЛУШІЛЕРДІҢ ӨМІР САПАСЫ - БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ!

Біздің миссия:

  • Емделушіге диализ орталығында гигиенаның жоғары деңгейін қамтамасыз ету
  • Емделушінің пікірін тыңдау және құрметтеу
  • Әрбір пациентті емдеуге жеке көзқарас
  • Диализбен емдеудің ықтимал қаупін болдырмау не барынша азайту
  • Диализ орталығында емделушіге тыныш және жайлы жағдай жасау
  • Емделушінің сенімі мен құндылығын құрметтеу
  • Емделуші келісімімен оны емдеу барысы мен кез келген өзгеріс туралы хабардар ету және емдеу мәселелері бойынша оның отбасы, жақындарымен өзара әрекеттесу
  • Пациент оған берілген барлық ақпаратты түсінетініне көз жеткізу
  • Емделушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • Кәсіби дайындық деңгеді үнемі арттыру, жаңа білім алу және оны тәжірибеде қолдану
  • Қажет болған жағдайда емделушіге тірек болу
  • Емделушінің өмір сүру ұзақтығын арттыруға үлес қосу

Біздің қызметтер:

Бүйрек ауруларын емдеу

Бүйрек жеткіліксіздігі, нефрит, пиелонефрит және басқа аурулардың диагностикасы, емі

Амбулаторлық гемодиализ

Тәжірибелі дәрігерлердің бақылауымен қолайлы жағдайда гемодиализ процедураларын жүргізу

Тексеру және диагностика

Бүйрек УДЗ, талдау, зертханалық зерттеулер

Плазмаферез

Жалпы денсаулықты жақсарту үшін денені қосымша тазарту
*ақылы қызмет

Мамандар консультациясы

нефролог, диетолог, кардиолог, психолог және басқа ммамандар консультациясы

Қанды УКС

Иммунитетті нығайту және метаболикалық процестерді жақсарту үшін қанды ультракүлгін сәулелендіру
*ақылы қызмет
BBDiacare амбулаториялық гемодиализ орталығы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бағдарламасына кіреді!

Ол үшін сіз тек тіркелген емханаға хабарласып, бізбен келісімге отыруды сұрасаңыз болғаны. Содан кейін біздің жоғары білікті нефролог мамандардан кеңес алу сіз үшін тегін болады!

Біздің орталық:

Емделушілерді тексеру, емдеу, асқынуды түзету, динамикалық бақылауды келесі жағдайда:

  • Бүйрек жеткіліксіздігінің кез келген сатысында ықтимал себебін диагностикалау, бүйрек жеткіліксіздігін тудырған негізгі ауруды емдеу;
  • Жүктілік кезінде бүйрек қызметінің бұзылу белгілері кезінде;
  • Рентгендік контрастты процедура, хирургиялық араласу, потенциалды нефротоксикалық терапияны (онкологиялық ауруларға арналған полихимиотерапия және т.б.) алу алдында;
  •  
  • Бүйрек трансплантациясынан кейін иммуносупрессивті терапияны түзету, оның асқынулары, бүйрек трансплантаты қызметінің бұзылуын диагностикалау және емдеу кезінде ұсынады.

Алғашқы қабылдауға келесі нәтижелерді алып келген жөн:

  • Тұнба микроскопиясы бар жалпы зәр анализі;
  • Жалпы қан анализі, креатинин деңгейін анықтау, қан сарысуындағы мочевина талдауы;
  • Бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі немесе бейнелеудің басқа әдістері;
  • Бар болса, тиісті мамандардың үзінділері мен қорытындылары;
Міндетті түрде қабылдап жатқан дәрілердің тізімін, соның ішінде мөлшерін жазып алыңыз!

Өтінім қалдырыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз

Сіздің барлық мәселелер бойынша кеңес береміз.
Please enable JavaScript in your browser to complete this form.
«Сұраныс жіберу» түймесін басу арқылы сіз жеке деректерді өңдеу саясатымен келісесіз

Біз жеті медициналық орталықта амбулаторлық гемодиализ қызметін көрсетеміз:

Неге біз?

Ең жақсы су тазарту
құрылғылары

Әлемге танымал «Herco» компаниясының өндірісі диализ ерітіндісін өндіру үшін химиялық таза H2O алуға мүмкіндік береді.

Емдеудің ерекше сапасы

B BRAUN Dialog+, Dialog+HDF-online және Dialog IQ неміс компаниясы шығарған құрылғылары оның үстіне диализдің жеткіліктілік индексін қадағалауға мүмкіндік береді.

Пациенттер үшін жоғары қауіпсіздік

Біздің Орталықтарда жоғары ағынды диализ бен гемодиофильтрация онлайн режимде жүзеге асырылады, бұл пациент үшін тиісті қауіпсіздік деңгейінде организмдегі улы өнімді барынша жоюға мүмкіндік береді.

Пациенттерімізге деген қамқорлық

Барлық диализдеуші ерітінді үшін концентрат - Германияда өндірілген жеке сертификатталған концентраттар. Фирмалық ерітіндіні пайдалану сеанстың жақсы төзімділігін және диализден кейінгі синдромның болмауын қамтамасыз етеді.

Біз емделушілер үшін бәрі ыңғайлы болу үшін бар жағдайды жасауға тырыстық

Жеке шкаф және дәретханамен жабдықталған кең аумақ, жарық зал мен емделушілерге арналған киім ауыстыратын бөлме, жабдықталған ас үй

Оның үстіне әрбір емделуші тегін Wi-Fi интернет қызметін пайдалана алады

Зал хабар тарату арналарының үлкен пакеті және онлайн режимде бағдарлама мен фильм көру мүмкіндігі бар кең экранды Smart теледидармен жабдықталған

Орталықтың ыңғайлы орналасуы және кең филиалдар желісі. Гемодиализ орталығында көлік тұрағы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кедергісіз орта бар

Біздің жетістіктеріміз: